Ғарышкерлер күніне арналған викторина
10.04.2026
"Петровка орта мектебі" КММ-де космонавтика күніне арналған қызықты викторина өтті 
Мектеп фойесінде, тақырыптық баннер мен "космонавтика күні" көрмесінің жанында оқушылар үшін танымдық викторина ұйымдастырылды. Балалар ғарыш, планеталар және белгілі ғарышкерлер туралы сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.
Іс — шараға бастауыштан жоғары сыныпқа дейінгі әртүрлі жастағы оқушылар қатысты. Балалар белсенділік, қызығушылық және жақсы білім көрсетті. Әр дұрыс жауап үшін қатысушылар тәтті сыйлықтар алды.