«Адал азамат» бағдарламасы аясындағы сынып сағаты
08.04.2026
"Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте 11Б сынып оқушылары үшін "Білім беру – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар" тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысып, мемлекеттің дамуындағы білімнің рөлін, сондай-ақ қазіргі жастардың жеке жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының маңыздылығын талқылады.