КММ «Петровка орта мектебі»

Білім беру – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы

08.04.2026

"Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте 11 сынып оқушыларына арналған "Білім беру – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар" тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысып, мемлекеттің дамуындағы білімнің рөлін, сондай-ақ қазіргі жастардың жеке жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының маңыздылығын талқылады.