КММ «Петровка орта мектебі»

Нашақорлықтың алдын алу: ата-аналармен кездесу

06.04.2026
"Петровка орта мектебі" КММ-де әлеуметтік ұстаз Садвакасова Г.К. "Нашақорлықтың алдын алу" тақырыбына ата- аналармен кездесу өткізді. Нашақолықтың алдын алу бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізу мектеп пен отбасының бірлескен маңызды міндеті. Бұл тақырыпқа ата- аналар жиналысы ұсынылды.
Ата- аналарға арналған жаднама:
 
Не істеу керек?
—Баланың бос уақытын қызығушылығына қарай ұйымдастыру ( үйірме, спорт)
—Оның достарымен танысу, ортасын білу
—Күн сайын кемінде 15-20 минут баламен ашық сырласу.
 
Не істеуге болмайды?
—Баланың жеке заттарын ақтарып, артынан аңду.
—Барлық мәселені тек тыйым салумен шешуге тырысу.
—Оны басқа баллармен салыстырып, кемсіту.