Мамандықтар әлеміне қадам
17.03.2026
"Петровка орта мектебі" КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушыларды кәсіптер әлемі және одан әрі білім беру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған ақпараттық стенд жаңартылды.
Стендте сұранысқа ие мамандықтар, болашақ мамандықты таңдау ережелері туралы материалдар орналастырылған. Қазіргі еңбек нарығында өзекті мамандықтарға ерекше назар аударылды.
Материалдар қол жетімді және көрнекі түрде ұсынылған, бұл оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелеріне қызығушылығын арттыруға көмектеседі.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушылар әртүрлі кәсіптер туралы түсініктерін кеңейтіп, болашағын жоспарлау үшін пайдалы ақпарат алды