«Тыңдау – түсіну» тренинг сабағы
04.03.2026
"Петровка орта мектебі" КММ-де «Күннен күнге – достыққа, ризашылыққа, толеранттылыққа» психологиялық онкүндік жоспарына сәйкес, кітапханашы, аға кеңесші психологпен бірлесе отырып, бастауыш сынып оқушыларына Алғыс күніне арналған «Тыңдау – түсіну» атты тренинг сабағын өткізді.
Оқушылар мейірімділік, өзара көмек, басқаларды құрметтеу туралы ғибратты мультфильм тамашалады. Оқушылар үшін қызықты іс-шаралардан тұратын ойын бағдарламасы да ұйымдастырылды.
#Психологиялық_қолдау_орталығы