КММ «Петровка орта мектебі»

Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы

23.02.2026

23 ақпан күні «Петровка орта мектебінде» КММ бастауыш сыныптар апталығының салтанатты ашылуы өтті. Бастауыш сыныптар апталығы — 1–4 сынып оқушыларын, педагогтер мен ата-аналарды біріктіретін, шығармашылыққа, ынтымақтастыққа және танымдық белсенділікке баулитын дәстүрлі мектепішілік шара. Ашылу аясында алдағы іс-шаралар бағдарламасы таныстырылды: зияткерлік ойындар, байқаулар, викториналар, шығармашылық тапсырмалар және ашық сабақтар. Оқушылар апталық жоспары­мен қызығушылықпен танысып, белсенді қатысуға зор ынтамен кірісті.