Find the Treasure: қызықты тапсырмалар әлемінде
10.02.2026
2026 жылдың 10 ақпанында 3-4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәні апталығы аясында ағылшын тілі мұғалімі А.Е. Дощанова ұйымдастырған "find the Treasure" танымдық-ойын квест-ойыны өтті. іс-шара барысында оқушылар лексикалық материалды бекітуге, ауызша сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойын тапсырмаларын орындады. Квест кезеңдерінен өтіп, балалар қызығушылық, белсенділік, тапқырлық және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Өткізілген іс-шара бастауыш сынып оқушылары арасында ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға және оң тілдік ортаны қалыптастыруға ықпал етті.