КММ «Петровка орта мектебі»

«Мен – бірегеймін» психологиялық тренингі

06.02.2026
🌿 "Позитивті мағыналар аумағы" онкүндігі аясында "Петровка ОМ" КММ — де позитивті өзін-өзі қабылдауды дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға және білім алушылардың өзін-өзі қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған "Мен - бірегеймін" психологиялық тренингі өткізілді.
Сабақ балаларға өздерінің мықты жақтарын, жеке қасиеттері мен ішкі тіректерін анықтауға көмектесетін "ресурстар дөңгелегі" жаттығуынан басталды.
Тренинг сенім, ашықтық және өзара құрмет атмосферасында өтті. Өткізілген іс-шара оқушылардың бойында оң өмірлік бағдарлар мен өзіне деген сенімділікті қалыптастырудағы маңызды қадам болды.