Алғашқы мектеп жетістігі – «Әліппемен қоштасу»
06.02.2026
6 ақпанда "Петровка орта мектебі" КММ-нің 1 "Б" сыныбында "Әліппемен қоштасу" мерекелік іс-шарасы өтті (Сынып жетекшісі - И.А. Саваренко). Бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн жаңа білімге жету жолындағы маңызды кезең болды. Мектеп директоры мен кітапханашы оқушыларға жылы лебіздерімен құттықтап, оқуда сәттілік және оқуға деген сүйіспеншілік тіледі. Балаларға қамқорлық, шыдамдылық пен көңіл бөлгені үшін Сынып жетекшісінің атына ата-аналардың шын жүректен алғыс сөздері мерекеге ерекше атмосфера сыйлады.