ҚР ҰҚК Шекара қызметі өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі
06.02.2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында "Петровка орта мектебі "КММ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты білім алушыларды шекара әскерлеріндегі қызметтің ерекшелігі, оқуға түсу шарттары және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы хабардар ету болды.
Түлектерге ҚР ҰҚК Шекара қызметінің міндеттері мен маңызы, кәсіби қызмет бағыттары, ведомствоның оқу орындарына түсу тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, әскери қызметке қызығушылық танытты.