🏆 Қысқы Президенттік көпсайыста – І орын!
05.02.2026
2026 жылғы 04 ақпанда Қысқы Президенттік көпсайыстан жарыс өтті️️. Жарысқа білім беру мекемелерінің 5 командасы қатысты. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша "Петровка орта мектебі" КММ командасы 1 орын алып, дене шынықтырудың жоғары деңгейін, бірлік пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Команданы және басшыларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі спорттық табыстар, жаңа жетістіктер мен мықты денсаулық тілейміз.