🥇 «Ақшақар» аудандық жарысында І орын
04.02.2026
2026 жылғы 04 ақпанда "Петровка орта мектебі" КММ оқушылары "Ақшақар" қысқы Президенттік көпсайыстан аудандық жарыстарға қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектептің командасы дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін, бірлік пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, 1 орын алып, Есіл ауданының чемпиондары атанды. Оқушылар мен олардың тәлімгерлерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі спорттық жетістіктер мен жаңа табыстар тілейміз! ![]()
![]()
![]()