Планетаның болашағы – өз қолымызда
29.01.2026
2026 жылғы 29 қаңтарда "Петровка орта мектебі" КММ-де 4 "А" сыныпта "планетаның болашағы біздің қолымызда"экологиялық квесті өткізілді. Іс-шара оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны сақтау үшін жеке жауапкершілікті сезінуге бағытталған. Квест барысында балалар танымдық тапсырмаларды орындады, белсенділік, тапқырлық және командада жұмыс істей білуді көрсетті. Іс-шара қызықты және танымдық түрде өтті, оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сынып жетекшісі-Омарова А.Т.