КММ «Петровка орта мектебі»

🎾 Петровка орта мектебінің командасы – аудандық спартакиада чемпионы

29.01.2026

2026 жылдың 28 қаңтарында "Петровка орта мектебі" КММ оқушылары Явленка ауылында өткен "Ақшақар" теннистен оқушылардың аудандық спартакиадасына қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектептің командасы дайындықтың жоғары деңгейін, спорттық шеберлікті және командалық рухты көрсете отырып, 1 орынға ие болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е. Т. Әубәкіров дайындықты және команданы басқаруды жүзеге асырды. 🏆