КММ «Петровка орта мектебі»

🤝 «Тәрбие және жауапкершілік» – маңызды құндылықтар

21.01.2026

21 қаңтар күні "Петровка орта мектебі" КММ "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Тәрбие және жауапкершілік" іс-шарасы өтті. Кездесу барысында оқушылар Тәрбие, жеке жауапкершілік және қоғамдағы мінез-құлық нормаларын сақтау мәселелерін талқылады. Аталған іс-шараны өткізу білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды және жалпы қабылданған ережелерді құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған.