КММ «Петровка орта мектебі»

📘 «Өз құқықтарыңды біл» ақпараттық акциясы

13.01.2026
"Петровка орта мектебі "КММ-де "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Өз құқықтарыңды біл" атты іс-шара өтті.
Іс-шара оқушыларға құқықтық білім беруге және олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Акцияны өткізу барысында мектептің барлық білім алушыларына балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық брошюралар таратылды.