«Заң және тәртіп» айлығы: құқық пен жауапкершілік туралы әңгіме
12.01.2026
"Заң және тәртіп" айлығы аясында "Петровка орта мектебі" КММ-де "Менің құқықтарым - менің жауапкершілігім" профилактикалық іс-шарасы өтті.
Кездесуге учаскелік инспектор Ринат Серікұлы қатысты. Әңгімелесу барысында білім алушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қорқыту және кибербуллинг мәселелері түсіндірілді. Іс-шара ақпараттық-түсіндіру сипатында болды және оқушылардың құқықтық мәдениеті мен заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.