КММ «Петровка орта мектебі»

Денсаулық – зор байлық

04.06.2026
«Денсаулық – зор байлық»
2026 жылғы 03 маусым күні Петровка орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы лагерьдің екінші күні өтті. Бұл күн Денсаулық күні ретінде ұйымдастырылды. Оқушылар ФАП-ке барып, денсаулықты сақтау жолдары туралы әңгімелесіп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Балалар қыста жылы киініп, жазда күннің ыстығынан қорғану үшін бас киім киюдің маңызын атап өтті. Олар денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, дұрыс киіну арқылы түрлі аурулардың алдын алуға болатынын айтты.
Көңілді ойындар мен танымдық іс-шараларға қатысқан оқушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, денсаулықтың адам өміріндегі ең үлкен байлық екенін тағы бір мәрте түсінді. Денсаулық күні балаларға пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, сергектік пен шаттық сыйлаған ерекше күн болды. 🌞🏃‍♂️🏃‍♀️💚