Жасөспірімдер арасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу
Жасөспірімдер арасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу
Профилактикалық жұмыс аясында «Петровка орта мектебі» оқушылары үшін қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне арналған деректі фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына, қауіпсіздігіне және болашағына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру. Көрсетілім барысында нашақорлықтың, алкоголизмнің, лудоманияның, дропперліктің, буллингтің, сондай-ақ жасөспірімдердің өмірі мен әл-ауқатына қауіп төндіретін басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алу мәселелері қамтылды.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікірталас ұйымдастырылып, олар өз әсерлерімен бөлісіп, көтерілген мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Сондай-ақ саналы таңдау жасаудың, заң талаптарын сақтаудың, өзара құрмет көрсетудің және шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де жауапкершілікпен әрекет етудің маңыздылығы жөнінде қорытынды жасады.
Осындай профилактикалық іс-шаралар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.