Бірге ауылымызды жасыл желекке бөлейік!
Ауыл тұрғындары табиғатты қорғау және туған өлкені көркейту мақсатында күш біріктіріп, облыстық экологиялық акцияға белсене қатысты.
«Петровка орта мектебі» КММ-нің оқушылары ата-аналарымен бірге, сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдері сенбілікке ұйымшылдықпен қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде елді мекеннің кіреберісіне жас қарағай көшеттері отырғызылды. Болашақта бұл ағаштар ауылдың көркін арттырып, экологиялық жағдайдың жақсаруына өз үлесін қосады.
Акцияға қатысқан барлық азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымдары, табиғатқа деген жанашырлығы және ауылымыздың көрікті, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы болашағын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!