КММ «Петровка орта мектебі»

Оқушылар құстарға ұя жасады

30.04.2026
"Петровка орта мектебі" КММ-де "Таза Қазақстан" экологиялық тұжырымдамасы аясында "Құс үйі" акциясы жалғасуда.
Бұл жолы 9 "Б" сынып оқушылары белсенді қатысты. Балалар табиғат пен қауырсынды достарына қамқорлық көрсетіп, мектеп аумағында құс үйлерін жасап, орналастырды.