КММ «Петровка орта мектебі»

Кітап сүйер оқушыларға құрмет

23.04.2026
Ұлттық кітап күні қарсаңында "Петровка орта мектебі" КММ-де кітап мерекесіне арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін оқушыларды грамоталармен салтанатты марапаттау өтті.
Оқуға деген сүйіспеншілігі, әдебиетке деген қызығушылығы, кітапханаға үнемі баруы және белсенді оқырмандық ұстанымы үшін балалар лайықты марапаттарға ие болды.