Болашақ мамандыққа бағытталған кездесу
23.04.2026
"Петровка орта мектебі"КММ кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-11 сынып түлектерімен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдерімен кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты түлектерді ведомстволық ЖОО-ға түсу және оқу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсібіне қызығушылықты қалыптастыру болды.
Кездесу барысында оқушыларға Академия тарихы, оқуға түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және оқу ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды
Жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде оқушыларда құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсібі және ІІМ академиясында оқу мүмкіндіктері туралы неғұрлым толық түсінік қалыптасты.